Украинадағы ахуал ОАР экономикасына әсер етті

Украинадағы қарулы қақтығыс салдарынан Оңтүстік Африкада қымбатшылық белең алды.

Елдің ауылшаруашылық саласы аймаққа тыңайтқыш пен дәнді дақылдар жеткізу қиындай түскенін айтты. Елде кейбір азық-түлік пен өсімдік майының тапшылығынан баға 6 процентке көтерілген. Инфляцияның өсуінен мұнай, газ бен жанармай құны да шарықтап барады.