Үндінің Ассам штатында 18 адам су тасқынынан қаза тапты

Жаһанда күн райы құбылып тұр. Үндістанның Ассам штатында су тасқынынан 18 адам көз жұмды.

Тағы 800 мыңнан астам тұрғын үйін тастап, көшуге мәжбүр болған. Аймақта қайық негізгі көлікке айналды. Бірнеше күн толассыз жауын салдарынан өзендер арнасынан асқан. Бұдан басқа штаттың 31 ауданында егіс алқаптарын су шайып кетті. Баспанасыз қалғандар уақытша орындарға орналастырылып жатыр. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы.

- Жағдайымыз өте қиын. Өмірімізге қауіп төніп тұр. Көп адам басы ауған жаққа безіп кетті.