Оппозициялық партия сайлауда жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
2013 жылдан бері оппозицияда болған Австралияның Еңбек партиясы федералды сайлауда жеңіске жетті. Лейборшылар партиясының жетекшісі Энтони Альбанезе елдің жаңа Премьер-министрі болады деп күтілуде. Австралияның қазіргі Премьер-министрі және либералдық партия жетекшісі Скотт Моррисон сайлауда жеңілгенін мойындап, партия жетекшісі қызметінен кететінін мәлімдеді.
