Еуропада 10 айдан бері көлік сатылымы төмендеді

Еуропада осымен 10 ай қатарынан жаңа автокөліктердің сатылымы төмендеп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған микрочиптердің тапшылығы және тасымалға қатысты қиындықтар себеп. Оның үстіне қазір Кәрі Құрлықтың бірнеше елінде инфляция өршіп тұр. Сондықтан тұрғындар жаңа темір тұлпар сатып алу жоспарын кейінге қалдыруды жөн көрген. Айта кеткен жөн, микрочиптер тапшылығы – коронавирус пандемиясына қатысты туындаған мәселе. Өйткені шектеу шаралары зауыттардың жұмысына кері әсер еткен. Биыл көктемде Қытайда қатаң локдаун енгізіліп, бұл да жығылғанға жұдырық болды.