Францияда туристер ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

Францияда туристер ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты
ҚазАқпарат

Бұл туралы ақпаратты BFM телеарнасы таратты, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Изер департаментінде, яғни Овернь - Рона-Альпі аймағында болған. Полицияның хабарлауынша, ұшақ Лез-Адре коммунасында құлаған. Ұшақ жергілікті аэроклубқа тиесілі және алғаш рет рейске шыққан. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.