Бангладеште тасқынның беті қайтар емес

 

 

Ал, Бангладеште алапат су тасқыны мыңдаған адамды әуре сарсаңға салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан солтүстік-шығыстағы Силхет елді мекені ең көп зардап шеккен. Аймақтағы ауыл шаруашылық алқаптарын су шайып кетті. Инфрақұрылым қирап, 150-ге жуық көше жабылды. Жұрт баспанасыз қалды және жинаған астықтарынан айырылып қалды. Құтқарушылар су әлі де қауіпті деңгейде екенін айтады. Байланыстың жоқтығынан апатты аймаққа көмек жеткізу мүмкін болмай тұр.