АҚШ-та балалар тамағы тапшылығы бар

АҚШ-тың Индианополис штатына балаларға арналған тамақтың алғашқы партиясы келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүк Еуропадан әскери ұшақпен жеткізілді. Соңғы уақытта Құрама штаттарда балаларға арналған түрлі қоспалар мен тамақ тапшылығы туындаған. Бұған Abbott зауытының жабылуы түрткі болды.  Тығырықтан шығу үшін бұл жолы 35 мың тонна тауар келді. Жеткізілген сүт қоспасы шамамен жарты миллион бөтелкеге жетеді дейді мамандар. Ал, Abbott кәсіпорнының жұмысы бір айдан кейін қайта жанданады.

Сондай-ақ...