Канадада дауылдан сегіз адам көз жұмды

Канаданың оңтүстігінде дауылдан көз жұмғандар саны сегізге жетті. Бұл туралы CBC-ге сілтеме жасай отырып «Хабар 24» хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, қайтыс болғандардың басым бөлігі құлаған ағаштардың астында қалып қойған.

Қатты жел салдарынан Онтарио мен Квебек провинцияларының 100 мыңдаған тұрғыны жарықсыз қалды.