Филиппинде кемедегі өрт жеті адамның өмірін жалмады

Филиппиннің Лусон аралының жағалауында кемеденөрт шығып, салдарынан жеті адам қайтыс болды.

Бұл туралы Филиппиннің жағалау күзеті хабарлады, деп жазады «Хабар 24».

Кемеде барлығы 124 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған.

Белгілі болғандай, солардың 120-сы құтқарылды, тағы жетеуі іздестіріліп жатыр.