АҚШ-тың Мэриленд штатында 47 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

 Ақпарат көздері 27 адамның жарақат алғанын хабарлайды. Оның 15-і ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Кингсвилл қаласында орын алған.  Апатқа өзге көліктердің қатысы болған жоқ. Жолаушылар көлігі не себептен аударылғаны әзірге белгісіз. Полиция тергеу ісін жалғастырып жатыр.