Байден Жапония императорымен кездесті

Жапония императоры Нарухито АҚШ президенті Джо Байденді қабылдады. Кездесуде нақты не жайында айтылғаны туралы мәлімет жоқ. Енді Ақ үй басшысы Жапония Премьер-Министрімен келіссөздер өткізуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кеткен жөн, Токиода қауіпсіздік жөніндегі төртжақты диалог саммиті өтеді. Оған АҚШ, Үндістан, Жапония мен Австралия басшылары қатысады. Өзінің Азияға жұмыс сапары барысында Джо Байден Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ниетті.

АҚШ президентінің Жапонияға сапары барысында Токиода наразылық акциясы өтті. Ереуіл қатысушылары Қытайға экономикалық және саяси тұрғыдан қарсы тұру үшін Джо Байденнің Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен ынтымақтасығын нығайту саясаты Токио мен Бейжің арасындағы қарым-қатынасына кесірін тигізуі мүмкін дейді.