Өзбекстанда қар жауды

Көк шыққан кезде Қашдария мен Жызақ өңірі ақ ұлпаға оранып, түнде күн суытты.

Табиғаттың тосын мінезіне тұрғындар тұрмақ экологтар да аң-таң. Өйткені мұндай құбылыс алғаш рет байқалып отыр. Бұл аймаққа бұрын қыста көп қар түсе қоймайтын. Мұның себебін жергілікті жұрт ауаның ластануымен байланыстырады.

«Атмосфераның бұзылуы қоршаған ортаға әсер етіп жатыр», - дейді көпшілік. Бұдан бөлек елдің басым бөлігінде дауыл көтеріліп, шаңды боран соқты. Салдарынан ашық аспан астында өткізілетін бірақатар іс-шара кейінге шегерілді.