Уэльстік зейнеткер 95 жасында алғаш рет үйленді

Уэльстік зейнеткер 95 жасында алғаш рет үйленді. Ер адамның жұбайы өзінен 11 жасқа кіші, ал екеуі осыдан 23 жыл бұрын танысқан, деп жазады Wales Online.

Неке қию рәсімі 1999 жылы Джулиан Мойл мен Валери Уильямс алғаш танысқан шіркеуде өтті. Тойға 40 қонақ шақырылған. Әйел адам бақытты екенін айтты.

Ал үйленген ақсақал мұндай жаста неке қидыру Жаңа жылдағы мерекелік кешті еске түсіргенін алға тартқан. Енді ол өмірін жаңа парақтан бастағалы тұрғанын да тілге тиек етті.  

Жұп бал айын ер адамның туған жері Австралияда өткізбек.