Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, қарсылас топтар арасындағы қақтығыстардан 200-ге жуық адам ажал құшып, тағы 113-і жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бес мыңнан астам күдікті кісі өлтірді, адам ұрлады деген айыптармен қамауға алынған. Қылмыстық топтардың қиян-кескі ұрыстарынан тұтас елді мекендер қираған, көптеген мектеп, кәсіпорын мен аурухана жұмыс істеуден қалды.
