Израиль жаңа індетке дайындалып жатыр

Израиль қауіпті дерт маймыл шешегінің таралуын алаңдаушылықпен бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде бір жағдай расталып және тағы екі жағдай анықталып жатыр. Қалай болғанда да, ел билігі індетке дайындалуда.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі енді ғана ковидті толықтай жеңгенін жариялап, барлық шектеуді алып тастады еді, елде жаңа індет пайда болды. Батыс Еуропа елінен келген жас жігіттен маймыл шешек ауруы анықталды.

Галина Гольцман, инфекционист:

- Әдетте бұл ауру Африкадан асып кетпейтін. Мында да, манкипопс жағдайы анықталғанымен, эпидемияға айналмады. Тек жекелеген жағдайлармен шектелді. 2018 жылы Израильде аурудың бір жағдайы ғана анықталып, қатты алаңдаушылық тудырмаған еді.

Бұл инфекцияның алғашқы жағдайлары өткен ғасырдың 70-жылдары Конгода тіркелген. Ауру жануарлардан адамға жұғады, алайда адамдардың бір-бірінен жұқтыру қаупі сирек болады. Ал қазір бұл індет қауіп төндіріп отыр. Сондай-ақ  Украина босқындарының Еуропаға көптеп келу де алаңдатады.

Галина Гольцман, инфекционист:

- Бүгінгі күні Англиядан 6 жағдай анықталса, Америка, Испания мен Португалиядан да жағдайлар анықтала бастады. Ал Испания мен Португалияда ауруға шалдыққандардың жалпы саны 50-ге жетті. Бұл бізді алаңдатады.

Шешекке қарсы екпе, маймыл ауруынан да қорғайтыны туралы деректер бар. Бірақ шешек жарты ғасыр бұрын жойылған және оған вакциналау шаралары 1980 жылдан бері тоқтатылды. Бұл 42 жастан кіші бірде-бір адамның осы ауруға қарсы иммунитеті жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар жағымсыз жайт анықталып отыр, шешек вирусы да мутацияға ұшырай алады және бұл әйгілі дельта және омикрон коронавирустарынан да қауіпті.

Галина Гольцман, инфекционист:

- Негізінен ауру кез келген вирустық ауру сияқты жеңіл өтеді, бірақ 10 пайызы ауыр асқынуларды дамытуы мүмкін. Пневмония, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы және егер вирус көздің қасаң қабығында болса, соқырлыққа әкелуі мүмкін. Бұл асқыну өте қорқынышты.

Денсаулық сақтау министрлігінің кезектен тыс отырысында қорғанудың максималды дәрежесіндегі инфекциялық оқшаулау палаталарын дайындау шешімі қабылданды, вакциналар қоры қайта ашылып, фармакология саласы жедел түрде жеткілікті мөлшерге жеткізу керек. Шетелден келушілердің барлығын бақылап мен кез-келген ауру белгілері болғанда, дереу ауруханаларға хабарласу керектігі айтылды.

Сергей Ауслендер

Сондай-ақ...