Ресей мұнайын алмастыра аламыз – Венгрияның әділет министрі

Алдымен инвестиция, сосын санкция! Венгрия Еурокомиссиядан мұнай эмбаргосын енгізу үшін энергетика саласын дамытуға қаржы құю қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы мажар елінің әділет министрі Еуроодақ кеңесінің жалпы мәселелер бойынша өткен отырысында мәлімдеді. Құбырды кеңейтіп, мұнай өңдеу зауыттарын жаңарту үшін Хорватияға 750 миллиондай еуро керек. Ал Ресей мұнайынан біржола бас тарту 18 миллиард еуроны қажет етеді. Осының алдында Еурокомиссия Ресей мұнайына қатты тәуелді Венгрия, Чехия мен Словакияға 2 миллиард еуродан береміз деген болатын. Әзірге бұл ұсыныстың қалай жүзеге асатыны белгісіз.    

Юдит Варга, Венгрияның әділет министрі:

- Біріншіден, бізде Ресейдің энергия ресурстарының импортынан бас тартуға қатысты ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспар болуға тиіс. Екіншіден, Транс-Адрия құбырына көшсек, Ресей мұнайын алмастыра аламыз. Ал бұл үшін Венгрия ғана емес, Еуроодақтың басқа елдерінде де орналасқан инфрақұрылымға көп инвестиция құю қажет. Бізге Еурокомиссияның шешімдерін күту керек. Алдымен инвестиция, сосын санкция деп айтатынымыз осы.

Сондай-ақ...