Грузияның әрбір бесінші тұрғыны екі қолға бір күрек таба алмай жүр

Грузияда жұмыссыздар саны есептелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесі көңіл көншітпейді. Оған қоса экономистер тағы бір келеңсіз жағдайды анықтады, олардың пайымдауынша еңбекке қабілетті халықтың бір бөлігі өзге елдерге кетіп жатыр.

Грузияның әрбір бесінші тұрғыны екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Мұны өткен жылдың статистикасы көрсетті. Қазір жұмыссыздық деңгейі азайғанымен, бұл ел үшін әлі де күрделі мәселе болып отыр. Грузияда 4 миллионға жуық адам тұрса, оның 290 мыңы жұмыс істемейді. Пандемияның кесірінен туризм, құрылыс пен көлік салалары тоқырап қалды. Қазір жағдай жақсара бастады, биыл соңғы 4 айда 28 мың адам жұмысқа орналасты.

Ярослава Бабич, халықаралық экономика мектебінің аға экономисі:

- Осы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 19,4% құрды. Бұл 2 жыл бұрын болған пандемияға дейінгі көрсеткіштен жоғары. Бірақ бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 21,9% жеткен еді.

Сарапшылардың пікірінше, одан да күрделі мәселе туындап отыр, бес жыл бойы Грузияда еңбекке жарамды халық саны азайып барады. Оның басты себебі – жастардың Израиль, АҚШ және Еуропа елдеріне жұмыс істеуге кетуі. Онда мамандар әдетте кәсіби дағдылары үшін көбірек табыс алуға мүмкіндік алады.

БЛИЦ:

- Арнайы білімі бар білікті мамандарға, өкінішке орай, лайықты жағдай жасалмады.

- Жұмыс орындарының болмауынан, Грузияда жұмыссыздық жыл өткен сайын артуда. Бұл жастар үшін үлкен мәселе.

Жұмыссыздықты азайту және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту үшін мемлекетке кешенді тәсіл қажет: еңбек нарығын талдау, келешегі бар салаларды дамыту және олардың бір-бірімен өзара байланысын анықтау. Еңбек нарығындағы мамандардың айтуынша, кластерлік принципті қолдану керек.

Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили