Австралия тұрғыны король отбасыларына тиесілі заттардың ірі коллекциясын жинаған

Австралия тұрғыны Ян Хьюго түрлі елдердің король отбасылары заттарының ірі коллекциясын жинаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда 10 мыңнан аса бұйым бар. Ол елдегі ең ірі топтама саналады. Бұл заттардың барлығы Ян Хьюгоның үйіндегі бірнеше бөлмені алып жатыр. Австралия тұрғынының топтамасында әсіресе Ұлыбритания монархтарына қатысты заттар көп. Ол биыл жазда ханшайым Елизавета екіншінің билік құрғанына 70 жыл толуына орай топтамасын тағы да толықтыруға ниетті.