Филадельфияда бетперде қайта міндеттелді

АҚШ-тың Филадельфия қаласына бетперде режимі қайта оралды. Осы аптадан бастап жабық ғимарат пен мектеп автобустарында ауызды тұмшалап жүру міндетке айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені коронавирусқа шалдыққан адамдар қатары көбейіп барады. Соңғы 2 айда науқастар саны 5 есе артқан. Сондай-ақ Нью-Йорк, Милуоки мен Бостон сияқты бірнеше қалада індет қайта тарала бастады. Бірақ бұл шаһарларда әзірге бетперде кию міндеттелген жоқ.