Аргентинада алып птерозаврдың қаңқасы табылды

Аргентиналық археологтар алып птерозаврдың қаңқасын тапты. Алдын ала есеп бойынша, оған шамамен 86 млн жыл болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ежелгі сүйектің ұзындығы 9 метрге жетеді. Қазба жұмыстары елдің батысындағы Мендоса провинциясында жүргізілген. Петрозаврлар құстардан бұрын жаралған алғашқы омыртқалылар болып саналады. Олар әжептәуір ұша білген. Петрозаврдың жаңа түрі туралы бұл зерттеу Cretaceous Research ғылыми журналында жарық көрген.

Леонардо Ортис Дэвид, ғылыми жетекші:

– Петрозаврдың жаңа түрін тауып, үлкен жаңалықтар ашқалы тұрмыз. Оның бойында бұған дейінгі динозаврларда болмаған ерекшеліктер бар. Біз «Санатосдракон» деген атауға тоқталдық. «Санатос» – өлім, «дракон» – айдаһар деген ұғымды береді. Бұл ұшуға қабілетті алып жыртқыш өлім айдаһары деп аталады.