Молдованың бұрынғы президенті тұтқындалды

Молдованың бұрынғы президенті Игорь ДодОн 3 тәулікке қамауға алынды. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Солардың ішінде «мемлекетке опасыздық жасау» және «жеморлық» та бар. Игорь ДодОн 2016-2020 жылдар аралығында президент қызметін атқарды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғауға 2019-шы жылғы бейнежазба түрткі болған. Онда жергілікті олигархтардың бірі ДодОнға түйіншек беріп жатады. Оның ішінде, пара болды деген күдік бар. Алайда бұрынғы мемлекет басшысы тағылған айыптардың бәрін жоққа шығарып отыр.