Солтүстік Кореяда белгісіз безгек жұқтырғандар көбейді

Солтүстік Кореяда белгісіз безгек жұқтырғандар саны 3 млн-ға жуықтады. Оның 2 жарым миллионнан астамы жазылып шыққан. 68 науқас көз жұмды. Ауру тез тарап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейінгі тәуліктің өзінде 130 мыңнан аса тұрғынның дене қызуы көтеріліп, медициналық көмекке жүгінген. Ресми билік мұны безгек деп атағанымен, сарапшылардың пайымдауынша, бұл коронавирус болуы мүмкін. Өйткені бертінге дейін «бізде COVID-19 жоқ» деп келген мемлекет шамамен 2 апта бұрын алғашқы деректер туралы хабарлаған еді. Қазір барлық қала мен уездерде локдаун енгізілген. 