Харьковте метро станциялары қайтадан жұмысын бастады

3 айлық үзілістен кейін Харьковте метро станциялары қайтадан жұмысын бастады.

Пойыздар барлық бағыт бойынша қатынайды. Қозғалыс интервалы 30 минут.

Шаһар басшысы Игорь Тереховтың айтуынша, жолаушылар саны артса, интервал да қысқарады. Айта кетейін, алғашқы аптада жол жүру тұрғындарға тегін болмақ. Бұдан бөлек азаматтар метро станцияларын әуе дабылы кезінде паналай алады.

БЛИЦ:

- Метроның қайта ашылғанына өте қуаныштымын. Керемет жаңалық. Метро қауіпсіз әрі онымен діттеген жеріңе жылдам жетесің.

- Сонша күтіп едік. Енді міне метро қайтадан қызмет көрсете бастады.