Германияда маймыл шешегі жұққандар 3 апта карантинге жабылады

Германияда маймыл шешегін жұқтырғандар енді 3 апталық карантинге жабылады.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі осындай қаулы қабылдады.

Бұдан бөлек билік өкілдері науқастармен байланыста болған азаматтарды да оқшаулануға шақырып жатыр. Ел үкіметі сақтық үшін аталған ауруға қарсы вакцинаның 40 мың дозасына тапсырыс берді. Бүгінде Германияда 5 адамның маймыл шешегіне шалдыққаны белгілі.