Солтүстік Корея қатарынан бірнеше зымыран ұшырды

Солтүстік Корея бірден бірнеше баллистикалық зымыран атты.

Оңтүстік Корея барлау қызметінің хабарлауынша, снарядтар 3 нысаннан тасталған.

Айта кетейік, Пхеньян соңғы айларда бірқатар сынақ өткізді. АҚШ ҚХДР жақын күндері ядролық қаруды да сынап көруі мүмкін деп есептейді. Сеул солтүстіктегі көршісінің әрекетін үнемі айыптаумен келеді. Жапония да осы пікірде.

Нобуо Киси, Жапонияның қорғаныс министрі:

- Зымыран 550 шақырым биіктікке көтеріліп, 300-дей шақырым өтіп, шығыс жағаға құлады. Біз ҚХДР-дің ядролық және зымыран сынақтарына бей-жай қарай алмаймыз. Бұл біздің елімізге және әлемдегі бейбітшілікке анық қауіп төндіреді.

Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен сынақ өткізді     

Пхеньянның осы әрекетіне жауап ретінде Оңтүстік Корея мен АҚШ бірлескен зымыран сынағын өткізді. Одақтастар бұл әскери жаттығуды алда болуы мүмкін арандатушылықтың алдын алу үшін жасағанын жеткізді.

Сондай-ақ...