Дүниежүзілік банк ОА елдерінің мемлекеттік саясатын тиімді жүргізуге көмектеседі

Ұлыбритания мен Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдерінің мемлекеттік саясатын тиімді жүргізуге көмектеседі.

Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның мамандарын оқытып, арнайы тәжірибеден өткізеді. Еңбек нарығын реттеу, тұрғындарды жұмыспен қамту жайы және табиғи ресурстарды «жасыл» экономикаға көшіру бағытында ұсыныстар жасайды. Қазақстан дүниежүзілік банкпен әріптестігін бұған дейін жолға қойған. Мемлекеттік деңгейде деректерді өңдеу, талдау ісі бізде бірер жыл бұрын бірлесіп жетілдірілді. Енді басқа да елдер осы тәжірибеге жүгінуге кірісті. Өзбекстан Дүниежүзілік банк арқылы үкіметтік кәсіпорындарын жаңғыртып, сату-сатып алу процесін тазартып әрі көлеңкелі экономикадан арылуды жоспарлап отыр.

Татьяна Проскурякова, Дүниежүзілік банктің орталық азия бойынша өңірлік директоры:

- Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін кәсіпкерлікке кең тыныс ашу қажет. Экономикадағы мемлекеттің үлесін азайтқан жөн. Қазір Өзбекстандағы экономикалық жобаларға қаржы құйып жатырмыз. Бюджетке де жиі қолдау көрсетіледі. Алдағы уақытта осы елмен 5 жылға арналған жаңа стратегиялық жоспарды бекітеміз. Осы құжатқа көп маңыз беріліп отыр. Қазақстанмен де әріптестік жалғасады.