Швеция мен Финляндия өкілдері НАТО құрамына қосылуды талқылауға Түркияға барды

Швеция мен Финляндия үкіметтерінің делегациясы НАТО құрамына қосылу шарттарын талқылау үшін Түркияға табан тіреді.

Барлық еуропалық елдер мен АҚШ Стокгольм мен Хельсинкидің әскери одаққа кіргенін қалап отыр. Тек Реджеп Тайип Ердоған ғана қарсы. Оның құптамайтын себебі Швеция мен Финляндия Анкара лаңкестік ұйым деп таныған "Күрдістанның жұмысшы партиясын" қолдайды. Десе де, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг бүгін өтетін келіссөздердің сәтті аяқталатынына сенетінін жеткізді.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

- Түркия - географиялық жағынан стратегиялық маңызы айрықша одақтас. ДАИШ-пен күрес Ирак және Сириямен шекарадағы іс-әрекеттерге тікелей байланысты болды. Украинадағы соғыс - бұл Қара теңіз, Түркияның бұл жердегі де маңызы ерекше. Сондықтан барлық келіспеушіліктерді шешуге барымызды саламыз.