Мектептегі атыс: АҚШ-та 21 адамды қырып салған қаскөйдің кім екені анықталды

АҚШ-тағы мектепте атыс шығарып, 19 оқушы мен 2 мұғалімді қырып салған қаскөйдің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 18 жастағы Сальвадор Ромас есімді жергілікті тұрғын болып шықты. Ол бірнеше күн бұрын сыныптастарына қару ұстап түскен фотолар жіберіп, әлеуметтік желіде екі винтовканың суретін жариялаған. Ал шабуыл күні әжесіне оқ атқан. Қарт кісі ауыр халде ауруханада жатыр. Қаскөйді оқиға орнына барған тәртіп сақшылары атып өлтірді. Атыс кезінде бірнеше полицей жарақат алған. Он шақты оқушы зардап шекті. Жасөспірімнің не себепті мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.