Ресейде әскери қызметке қатысты шектеулер алынды

Ресейде келісімшарт бойынша әскери қызмет ететіндер үшін жасына қатысты шектеулер алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін заңға тиісті түзетулер енгізуді мемлекеттік дума қабылдаған. Енді Федерация Кеңесі мақұлдады. Бұрын Ресей азаматтары 40 жасқа дейін ғана келісімшарт бойынша әскери қызмет атқара алатын. Ал шетелдіктер үшін бұл меже 30-дан аспау керек еді. Жаңа талап бойынша, ер азаматтар зейнетке шығу жасына дейін, яғни 65 жасқа дейін тиісті келісімшартқа отыра алады. Депутаттардың айтуынша, соның арқасында қарулы күштер қатарына жүргізушілер, аспаздар мен фельдшерлерді көптеп тартуға мүміндік туады.