5 маусымда Ресейдің бес қаласында сайлау учаскелері ашылады

5 маусымда, яғни Қазақстан  конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтетін күні Ресейдің 5 қаласында сайлау учаскілері ашылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеуде ондай бөлімше Қазақстан елшілігінде жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ біздің азаматтар Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбы қалаларында да дауыс бере алады. Ондағы сайлау учаскілері Қазақстанның бас консулдықтары жанынан ашылады.

Руслан Шаймағанбетов, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің екінші хатшысы:

Қазақстанның 18-ге жасы толған азаматтары Ресейде 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Олар Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Астрахань, Омбы қалаларында орналасатын болады. Таңғы сағат 7-ден бастап кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Қазір Мәскеу бойынша мың адамнан астам сайлаушылар келеді деп болжап отырмыз. Алайда бұл сан өзгеруі мүмкін, азаматтарымыздың белсенді қатысуына байланысты.