Ауғанстанда бірнеше жарылыс болды

Ауғанстанда бір күнде қатарынан бірнеше лаңкестік әрекет ұйымдастырылды. Қаскөйлер Кабулда мешітті жарып жіберді, ал Мазари-Шариф қаласында үш авто көліктің күлі көкке ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шағын автобуста отырған 9 адам мерт болып, 15-тен астамы жарақат алған. Оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл шиіттерге қарсы жасалған қастандық болуы мүмкін. Қылмыстық әрекетке қатысты тергеу басталды.

Мохаммад Асиф Вазири, полиция қызметкері:

Балх провинциясында 3 рет жарылыс болды. Бірі 5-округте болса, қалғандары 10-округте орын алды. Өкінішке қарай, 9 бейбіт тұрғын қаза тапты. Тағы 15 адам түрлі жарақат алған.