Иранда үйінділер астынан 29 адам шығарылды

Иранда қираған көпқабатты ғимараттың астында қалып қаза тапқандардың саны 14-ке, ал жарақат алғандардың қатары 32-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің хабарлауынша, құтқарушылар үйінділер астынан 29 адамды шығарған. Қайғылы оқиға Абадана қаласында болды. Қазір онда төтенше жағдай жарияланды. Қираған үйдің жанында тұрған ғимараттарға да айтарлықтай зақым келді. Аймақтан барлық тұрғындар эвакуацияланды. Полиция апатқа қатысы бар деген күдікпен 8 адамды қамауға алды. Сарапшылар құрылыстың сапасыз салынғанын айтады.

 

Сондай-ақ...