Антарктидадан бірегей бактериялар табылды

Оларды Чили университетінің ғалымдары анықтаған.

Зерттеушілер үлгілерді 2 жыл бойы жинаған. Бұл микроағзалар арқылы болашақта инфекцияларды емдеуге болады. Алайда алаңдатарлық жағдай да бар. Бактериялардың кейбірі антимикробтық және зарарсыздандыратын препараттарға қарсы тұра алады. Климат өзгерісі кезінде олар басқа микроағзаларға беріліп, ауру тудыруы мүмкін.