АҚШ-та 17 вагон өзенге құлады 

АҚШ-тың Пенсильвания штатында пойыз шойын жолдан шығып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан жарақат алған бірнеше адам ауруханаға түсті. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, мұнай тиелген пойыз жүк көлігіне соғылып, 17 вагон Аллегейни өзеніне құлаған. Теміржол көлігінің Norfolk Southern компаниясына тиесілі екені анықталды. Қазір оқиға орнында медицина қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.