Қытайда пілдерді қорғау жұмысы күшейтіледі

Қытайда пілдерді қорғау жұмысы күшейтіледі

Қытай билігі Азия пілдерін қорғау шараларын күшейтуді қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жануарлардың тіршілік ету мекенін қалпына келтіру көзделіп отыр. Мәселен, елдің оңтүстігіндегі Юньнань провинциясында ұлттық саябақтар мен экологиялық дәліздер құрылады. Өйткені мұнда 300-ден аса піл мекен етеді. Айта кеткен жөн, бұл сүтқоректілер санының азаюына урбанизация, тіршілік ету мекендерінің қысқаруы және сұғанақ аңшылық себеп. Жалпы Қытайда браконьерлермен қатаң күрес жүргізіледі. Соның арқасында Юньнань провинциясында кейінгі 30 жылда піл саны екі есеге артқан.