В.Зеленский: Алауыздық қашанға дейін жалғасады?

«Ресейге қарсы жаңа санкциялар қабылдауда Еуроодақ өз ішінде алауыздыққа жол беріп отыр». Украина президенті Владимир Зеленский дәстүрлі жолдауында осылай шағымданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Еуроодақ Ресей мұнайына эмбарго салатын санкциялардың алтыншы пакетін әлі енгізе алмай отыр. Басты кедергі – Венгрияның вето қоюы. Ал осы елдің Премьер-министрі Гергей Гуляш Ресей мұнайынан бас тарту үшін 4 жыл керек екенін мәлімдеді.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

– Алтыншы пакетті келістіру үшін Еуроодаққа тағы қанша апта керек? Ресей энергия ресурстарын Еуропаға жеткізу арқылы күніне 1 миллиард еуро пайда тауып отыр. Ресейдің банк жүйесі де әлі бұғатталған жоқ. Бұл басқыншыға соғыс жүргізуге ғана емес, әлемде дағдарыс және алауыздық тудыруға қаржылай мүмкіндік беріп отыр. Ресейге қысым жасау қаншама адамның өмірін аман алып қалар еді.