Ирак Израиль мемлекетін мойындамайтыны туралы заң қабылдады

Израильмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға бағытталған кез келген әрекет қылмыс ретінде қарастырылады. Ирак парламенті осындай заң қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Ирак ешқашан Израиль мемлекетін мойындаған емес. Ел азаматтары мен компаниялар бұл мемлекетке бара алмайды.

Айта кетейін, бүгінде Египет, Иордания, Бахрейн мен Марокко секілді бірқатар араб елі Израильмен дипломатиялық байланыс орнатқан. Оған кезінде АҚШ арағайындық танытқан болатын.