Түркия мен Израиль қарым-қатынасын нығайту үшін елшілерін қайта жіберуге ниетті

Бұл туралы араға 15 жыл салып, Түркия Сыртқы істер министрінің Тель-Авивке жасаған сапарында сөз болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар нақты шешімді Израиль сыртқы істер министрі Яир Лапидтың Түркия сапарында айтады. Ведомство басшылары экономикалық ынтымақтастық пен Газа секторындағы жағдайды талқыға салып, Түркия-Израиль іскерлер кеңесіне қатысты. Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас 2010 жылы Израиль арнайы күштерінің Газа секторына көмек тасымалдаушы «Мави Мармара» түрік кемесіне жасаған шабуылынан кейін шиеленіскен. Қос ел елшілерін кері қайтарып алған. Наурыз айында Израиль президенті Ицхак Герцог Анкараға ресми сапармен барып, екі ел арасында түйіні тарқамай жүрген мәселелер бойынша пікір алмасқан.

Мевлүт Чавушоғлы, Түркия Сыртқы істер министрі:

–  Әрине, Мен Иерусалимге және харам аш-Шарифке деген сезімталдықпен бөлісемін. Біздің қарым-қатынасымызды қалыпқа келтіру қақтығысты бейбіт жолмен шешуге оң әсер етеді деп есептейміз. Әрқашан, бұрынғыдай, біз өте сындарлы рөл атқардық. Бүгін де Түркия диалогты құру бойынша күш-жігерді жалғастыруға дайын.

Яир Лапид, Израиль Сыртқы істер министрі:

Мақсат елдеріміз арасындағы экономикалық және азаматтық ынтымақтастықты қалыптастыру және кеңейту. Бизнес пен адамдар арасында байланыс орнатып, екі елдің салыстырмалы артықшылықтарын аймақтық және жаһандық деңгейде, тіпті пандемия кезінде де, саяси шиеленіс кезеңдерінде пайдалануды жолға қоюымыз керек.