БҰҰ: Украинада 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 4 мыңнан астам бейбіт тұрғын көз жұмған.

Оның 200-ге жуығы бала. Біріккен Ұлттар ұйымының есебі осындай. Дегенмен, сарапшылар кісі өлімі бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Қаза тапқандардың көбі ауыр артиллерия мен әуе соққысынан бақилық болған көрінеді. БҰҰ дерегі бойынша 3 айда Украинадан шамамен 13 миллион адам өзге елге босып кеткен.