АҚШ-та сәбилерге арналған тағам тапшылығы туындады

АҚШ-қа Еуроодақтан сәбилерге арналған тағамның партиясы жеткізілді.

Бұл штаттардағы сүт қоспасының тапшылығы мәселесін жеңілдетеді деген жоспар бар, деп хабарлайды Euronews сайтына сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Сәбилерге арналған тағам шығарушы Abbott Nutrition компаниясының Мичигандағы ірі зауыты ақпан айында жабылып қалған. Бұған сүт қоспаларынан ауру қоздырғыш бактериялардың анықталуы себеп болған. Компания 4 маусымда зауытты қайта іске қосып, үш аптадан соң жаңа өнімдерін дүкен сөрелеріне жеткізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...