Қытайда лай көшкінінен сегіз адам опат болды

Қытайдың Фуцзянь провинциясында жаңбыр селдетіп, лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Селдің салдарынан 8 адам опат болды. Марқұмдардың бесеуі құлаған фабриканың астында қалған. Қалған үш тұрғын апат кезінде үйлерінен шығып үлгермеді. Бір күн бойы толассыз жауған жаңбырдан Упин уезіндегі елді мекендерді су басып, 10 мыңға жуық адам жапа шекті. Тас жолдарды шайып, егістік алқаптар жарамсыз болып қалды. Қазір 1 жарым мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.