Венесуэлада әлемдегі ең қарт адам 113 жасқа толды

Хуан Висенте Перес Мора жақында ғана Гиннес рекордтар кітабына енген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Туған күніне орай Перес Мора ауылына саяхаттап, сүйікті әнін тыңдады. Дәрігерлер қартты анда-санда қан қысымы мазалағаны болмаса, денсаулығы жақсы деп отыр. Хуан 1909 жылы Венесуланың таулы Тачир штатында дүниеге келген. 29 жасында шаңырақ көтеріп, 11 бала сүйді. Қазір 41 немересі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар.

Нелида Перес, қарттың қызы:

Әкемнің осындай жасқа жеткеніне мақтанамын. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Әкемді осындай зор құрметке бөлеген құдайға алғысым шексіз. Бұл шынымен де жаратқан иеміздің арқасы ғой.