Оңтүстік Кореяда сутегі энергиясының мүмкіндіктері таныстырылды

Сеулде өткен дүниежүзілік газ конференциясында сутегін отын ретінде пайдаланатын соңғы технологиялар ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы шараға ірі отын экспорттаушы Ресей қатысқан жоқ. Өйткені халықаралық газ одағы осы айда ресейлік компаниялардың ұйымдағы мүшелігін тоқтатты. Ресей мен Украина қақтығысына байланысты газ бағасы көтеріліп жатыр. Импорттаушы елдер көгілдір отынды жеткізудің жаңа бағыттарын іздеуге көшкен. Бұл туралы Тэгу қаласында өткен дүниежүзілік газ конференциясында мәлім болды. Форумды ұйымдастырушылар сутегі энергиясының мүмкіндіктерін көрсетті. Қазір Корея өндірілетін энергияның жартысын мұнайдан алады. Бірақ газ импорты жыл сайын артып келеді. Одан сутегі алынады. Елдің ендігі жоспары – 2050 жылға қарай барлық өнеркәсіп пен көліктердің отыз процентіне H2 технологияларын енгізу.

Ли Дже Хун, Корея газ корпорациясының бас менеджері:

Газ компаниясы ретінде біз көміртегі шығарындыларын азайтудың жолы сутегіге көшу деп есептейміз. Сондықтан сұйытылған газды ғана емес, сутегін де импорттау үшін дайындық жүргізіледі. 2028 жылға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 400 мың тонна сутегін импорттау жоспары бар. Ал 2030 жылға қарай шамамен 1 миллион тоннаны импорттаймыз. Біз газды Ресейден аламыз. Украинадағы жағдай ушыққанмен біздің келісімшарттар тоқтатылған жоқ. Бірақ Еуропаға ресейлік газ жеткізу төмендеген соң, көптеген еуропалық елдер балама жолдар іздеуде және бұл бағаның өсуіне әсер еттті. Бізде басқа елдермен салыстырғанда Ресей газының импорты аздау. Көбінесе Катардан, Австралиядан және Америкадан импорттаймыз.

Инчхон қаласында әлемдегі ең үлкен сутегі станциясы іске қосылды. Ол 250 мың үй шаруашылығын жарықпен қамтамасыз етеді. Сутегі элемент пен жүретін көліктер саны артып келеді. Қазір елде 20 мыңға жуық осындай көлік бар, оларға 30 жанармай құю бекеті қызмет көрсетеді. H2 бойынша жүретін көлік иелері Сеулден Кореяның ең оңтүстік аймағына оңай жете алады. Өткен жылы жылжымалы электр генераторы пайда болды. Ол электр және сутегі машиналарын зарядтай алады.

Ким Сон Гюн, көлік шығаратын компанияның аға менеджері:

– Генератор 160 кВт-қа дейін электр энергиясын өндіреді және бір сағат ішінде екі сутегімен жүретін көлікті бір уақытта толық қуаттай алады. Сутегі генераторы шалғай аудандарды қуатпен қамтамасыз етуге де қауқарлы.

Сондай-ақ электр қуаты үзілген жағдайда деректер орталықтары мен ұқсас қолданбалар үшін апаттық қуат көзі ретінде қызмет ете алады. 

Әзірге Кореяда сутегі өндірісінің көлемі өте аз. Бірақ 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша елде көгілдір отынды пайдалануды үштен бірге дейін қысқартуды көздеп отыр. Ал газдың орнына 5 мың шақырымдық құбыр арқылы сутегі тасымалданады. АЛ Н2-ні сақтау үшін 5 газ цистернасы пайдаланылады.

Ли Сын Хун, сутегі аналитика орталығының департамент директоры:

– Газ корпорациясы табиғи газдан сутегін өндіру бойынша үш орта өндірістік базаны басқарады және қазіргі уақытта сутегімен қамтамасыз ету алаңын салуда. Болашақта барлық келісімшарттар осы платформа аясында жүзеге асырылады. Мына қоймада минус 162 градус температурасында сутегі сақталады. Осындай 4 қойма бар.

Владислав Цой, тілші:

Бұл сутегі отынымен жүретін әлемдегі алғашқы жүк көлігі. Өткен жылдың қазан айынан бері ол Швейцарияның таулы аймақтарында 2 миллион шақырым жол жүріп өткен. Ол қауіпті жағдайларға әсер етіп, жүргізушіге көмек көрсететін жүйемен жабдықталған. Ал отын багы сутектің сәл ағуы анықталған кезде клапанды автоматты түрде жауып тастайды. Бұл жүк көлігінің сериялық өндірісі 2023 жылдың наурыз айына жоспарланған.

Мұндай көліктердің артықшылығы бір зарядта ұзағырақ жүріп, 10 минуттың ішінде зарядталады. Сонымен қатар сутегі басқа отындар мен батареяларға қарағанда әлдеқайда жеңіл, сондықтан мұндай машиналардың салмағы әлдеқайда жеңіл. Сутегі жүк көліктері биыл нарыққа шығады. Ал 2028 жылға қарай H2 отын элементтері барлық автокөліктерге орнатылады.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян,