Таяу Шығыстағы қақтығыста 60-тан астам адам жарақат алды

Палестинадан тағы да тыныштық кетті. Жағдайды ушықтырған израильдік топ. Мыңдаған адам нәсілдік ұрандар айтып, палестиналықтарды арандатқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жақты қақтығыс кезінде мұсылмандар тас лақтырып, Израиль полициясы шулы граната тастап, таяқпен ұрған. Салдарынан 60-тан астам адам жарақат алды. 23 кісі ауруханаға түсті. Израиль полициясы 50-ден астам күдіктіні «бұзақылық жасады» деген айыппен қамауға алған. Палестиналықтар «бұл арандатушылық әрекет» деп наразылық білдірді. Еврейлердің мұсылман ауданында, оның ішінде, Әл-Ақса мешітінің аумағында шеру өткізуі ашу-ыза тудырған.