Египетте 2,5 мың жылдық тарихы бар жәдігерлер көрсетілді

Египетте 2,5 мың жылдық тарихы бар жәдігерлер көрсетілді

Египетте тарихы 2 жарым мың жылдан асатын көне жәдіргерлердің ірі топтамасы көпшілікке көрсетілді.

Мұнда 250-дей табыт бар. Мамандар олардың ішіндегі мумиялар жақсы сақталғанын айтады. Мұның бәрі жақында Каир маңынан табылған. Кейіннен жәдігерлердің барлығы қазір салынып жатқан Үлкен Египет мұражайына беріледі. Ірі жобаның құрылысы биыл күзде аяқталуы тиіс.