Бейжіңде енгізілген шектеулер жеңілдетілді

Бейжіңде коронавирусқа байланысты енгізілген шектеулер  жеңілдетілді.

Шаһарда дүкендер мен саябақтар ашылып, адамдар қалыпты өмірге орала бастады. Бірақ сауда орталығы мен саябақтарда адам санына байланысты шектеу міндетті. Ковид тіркелмеген аудандарда мұражай, кітапхана, сұлулық салоны және фитнес залдар да осы талапты сақтау керек. Сонымен қатар бұл орындарға кіру үшін денсаулықтың жасыл коды мен ПТР-тест нәтижесін көрсетуі қажет.

Қазір тәртіп жеңілдей бастағанмен алда жағдай қалай өзгерері белгісіз. Десе де, биліктің қалыпты өмірге қайта оралу үшін күш салып жатқаны қуантады.

Мамандар қалада енгізілген шектеулер толық алынбаса да дерттің таралуы аяқталар күн алыс емес деген үмітте. Карантинге жабылған тұрғын үйлердің қатары азая бастаған. Дегенмен, балабақшалар мен оқу орындары әлі ашылмаған. Оқушылар сабақтарын қашықтан, ал студенттер кампустарда оқып жалғастыруда. Ал Шанхайда наурыз айында енгізілген локдаун алынған.