Мексикада «Агата» дауылы соқты

Мексиканың оңтүстігіне «Агата» дауылы соқты. Бірқатар штатта дүлей желмен келген жауыннан кей елді мекенді су басып жатыр.

Әзірге жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Елде 200-ден аса арнайы паналау орыны ашылған. Ал ұйытқып соққан дауылдың екпіні сағатына 160 шақырымнан асады. АҚШ-тың Дауылдарды бақылау жөніндегі ұлттық орталығы бұл Мексиканың Тынық мұхиты жағалауына 1949 жылдан бері соғып тұрған алапат дауыл деп баға беріп отыр. Осыған байланысты Агата қауіп деңгейі бойынша екінші дәрежелі дауыл қатарына жатқызылған.