Африкадағы қуаңшылықтан жан да, мал да қырылып жатыр

Әсіресе Сомалидегі жағдай өте қиын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егістік қурап, төрт түлік қырылып жатыр. Аштықтан өлген адам саны күн сайын артып барады. Марқұмдардың арасында, әсіресе, балалар көп.  БҰҰ әлем елдерінің назары Украинаға ауғандықтан бұл өңірлерге бөлінетін қаржы азайып қалғанын айтады. Бұған дейін аймақтағы 2 млн 800 мың адамға көмек көрсетілді. Әлі шамамен 3 млн-нан астам адам шұғыл жәрдемге мұқтаж.

4 жыл бойы ешкілеріміздің арқасында күнімізді көрдік. Осы күнге дейін малды сақтап қалу үшін барынша тырыстық. Енді олардың біреуі де жоқ. Бәрі қырылып қалды. Су іздеп бармаған жеріміз жоқ.

2011 жылдан бері төртінші рет қуаңшылықты бастан өткердік. Қазір азық-түліктің бағасы шарықтап барады. Коронавирус, климаттың өзгеруі, елдегі қарулы қақтығыстардың барлығы әл ауқатымызды әлсіретіп жіберді. Бұл аздай енді Украинадағы соғыс килігіп, біраз заттар жетпей жатыр.