Қытайда аптап ыстық

Елдің солтүстігі мен шығысында күн күйіп тұр. Бейжің мен тағы бірнеше өңірде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кей жерлерде ауа температурасы 39 градустан асады. Мамандар бұндай температура біраз уақыт сақталуы мүмкін дейді. Билік халықты аса қажеттілік болмаса, сыртқа шықпауға шақырады. Сонымен қатар көшелерге жиі су шашу керек деген талап қойды. 

Мексиканың оңтүстігінде «Агата» дауылы ойран салды. Бірқатар штатта дүлей желмен келген жауыннан кей елді мекенді су басқан. Елде 200-ден аса арнайы паналау орыны ашылды. Оған 26 мың адам орналаса алады. Ал дауылдың екпіні қазір сағатына 177 шақырымнан асады. Мамандардың болжауынша, жауын Чьяпас, Веракрус пен Табаско штаттарында да жаууы мүмкін.