Еуропада инфляция бойынша жаңа рекорд орнады

Еуропада инфляция бойынша жаңа рекорд орнады

Еуроаймақта инфляция бойынша жаңа рекорд орнады. Еуроаймақта небәрі бір айда баға 8,1 процентке өсті.

Алдыңғы рекорд наурыз айында ғана тіркелген болатын. Сол кезде инфляция деңгейі 7,4 процентке жеткен еді.

Мамандардың айтуынша, мұндай өсімге ең алдымен энергетикалық шикізат бағасының қымбаттауы себеп болған. Сондай-ақ тауар жеткізу тізбегінің үзілуі мен Украинадағы қарулы қақтығыс та өз әсерін тигізді.